Қоршаған ортаның тазалығы үшін

Қоршаған ортаның тазалығы үшін

400 бактың 150-і мемлекеттік мекемелерде, қала аулаларында және саябақтарда орнатылды. Тәжірибе көрсеткендей, бір ай ішінде 30 тонна пластик қалдығы жиналады.

– Іріктелген пластик қалдықтары қайталама шикізат ретінде пайдаланылады, – деді облыс әкімдігіндегі экология мәселелеріне байланысты жиын барысында жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қайыржан Сатиев. – Олардан жоңқа жасалады да, нәтижесінде түйіршіктер мен мен полиэтилен қаптары жасалады.

Жиында төрағалық еткен Павлодар облысының  әкімі тек пластикті ғана емес, құрылыс қалдықтарын да жеке сақтау керектігі жөнінде айтты.

– Жол құрылысы барысында біз әрдайым тығын материалдарын іздейміз, бірақ құрылыс қалдықтарын да қолдануға болады, – деді Болат Бақауов.  – Бүгінгі күні құрылыс қалдықтары әр жерге шығарыла береді, тіпті жайылым алқаптарына да.  Мен сіздерді құрылыс қалдықтарын жеке сақтауға шақырамын. Себебі болашақта ол керек болуы мүмкін.

Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті өкілдерінің айтуынша облыстың ауылдық аймақтарында су сапасын тексеру бойынша жұмыстар аяқталып жатыр. Бүгінгі күні эпидемиологтар 346 ауылдың суын тексерістен өткізді, кезекте 23 елді мекен тұр.

– Меніңше тамыздың соңына дейін жұмысымызды бітіріп, қыркүйекке қарай Павлодар облысындағы судың сапасы бойынша сынама дайын болады, – деді басқарма басшысы Ирина Сорокина. – Осы мәліметтерді алғаннан кейін біз ауызсуымен қамтамасыз етудің болашақ стратегиясын анықтай аламыз. Оған қоса әр аудандағы ауыруға ұшырау жағдайы мен су сапасының арасындағы байланысты анықтамақпыз.