
Қазақ халқының көрнекті жазушысы, ойшылының туған жері – Баянауыл ауданында 35 киіз үйден құралған этноауыл мен айтыс ұйымдастырылды. Киіз үйлер қалашығы Ескелді шатқалында орналасты. Халық мерекесі 2006 жылы салынған Мүшһүр Жүсіп Көпеев кесенелік кешенінде бата оқылғаннан кейін басталды. Этноауылда мерекелік сауда орын алды. Балалар батпырауық ұшырып, суретшілер көшпелі плэнер ұйымдастырды. Мерекеге жалпы 5000 мыңнан астам адам жиналды. Сол мезетте шағын шатыр астында Павлодар облысының әкімі тарихшылар мен әдебиеттанушылармен кездесті. Олардың арасында мәшһүртанушылар да болды. Кездесудің құрметті қонақтары профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Меруерт Әбусейітова, жазушы Ғалым Жайлыбай және профессор, философия ғылымдарының докторы Аяжан Сағитқызы болды.
– Павлодар облысының халқы аталарын әрдайым есте сақтап жүреді,- деді Болат Бақауов. – Жуырда ғана біз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын атап өттік, бүгін ұлы Мәшһүр Жүсіпті еске алып жатырмыз. Біздің атақты жерлестеріміздің отанында үлкен жұмыстар жүргізілуде Рухани даму мен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қатысты жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Осындай мерекелерге адамдар отбасыларымен, балаларын алып келетіндері – қуантарлық жағдай. Себебі жас ұрпақ мәдениетімізбен жақын танысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен мол хабар алады. Осының нәтижесінде олардың бойында патриоттық сезімдер мен туған жеріне деген махаббат пайда болады.





Өздерінің туған жерге деген махаббаты туралы бас сахна төрінен облыстық айтысқа қатысушылар жырлады. Жас ақындарды үш жұпқа бөліп, төкпе өлең шығарудан сайысқа түсуді ұсынды. Әр өнерпазға 15 минут уақыт берілді. Сол қысқа уақыт ішінде айтыскерлер жерлестермен амандасып, көрермендердің көңілдерін көтеріп, қарсыластарды сынап үлгерді. Кейбір айтыскерлер облыс әкіміне Баянауыл ауданын көркейтіп, ұлы тұлғаларды ұмытпай, осындай үлкен іс-шаралар ұйымдастырып жүргені үшін алғыс білдірді. Жаңажол ауылының тұрғыны Тілек Сейітов айтыстың жеңімпазы атанды.





