Қыс көрсетер…

Қыс көрсетер…

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Болат Бақауовтың төрағалығымен 2018 жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру және өздігінен жұмыс істейтін халықты формализациялау, 2018 жылдың 7 айы ішінде жасалған жол жөндеу жұмыстары бойынша кеңес өтті. Сұрақтардың жеке блогы жаңа жылыту маусымына арналды. 

Павлодар облысында жылыту маусымына дайындық алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталады. Бүгінгі күні облыстың энергетикалық және жылыту кәсіпорындарында жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыповтың мәліметіне сәйкес, облыстың электр стансаларында 12 энергоблок, 15 қазан, 6 турбинаның толық және кеңейтілген жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жылдың 6 тамызындағы жағдай бойынша жылу жеткізу желілерінде 14,5 шақырым желі немесе кезеңдік жоспардың 97%-ы жөнделді. 2018-2019 жж жылыту маусымына дайындық жоспарының аясында «ПРЭК» АҚ және «Горэлектросеть» ЖШС кәсіпорындарымен 2130,46 км электржабдықтау желілері мен 758 аралық станцияларының толық және кеңейтілген жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Бүгінгі күні 1473,06 км желі (кезеңдік жоспардың 100%-ы, жылдық жоспардың 69%-ы) мен 536 аралық станция (кезеңдік жоспардың 100%-ы, жылдық жоспардың 70,7%-ы) жөндеуден өтті.

       Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көмірге байланысты жағдайдың қайталанбауына және көмірдің бағасын тұрақты сақтау жөнінде тапсырма берді.

     – Қазіргі таңда көмір кен орындарында кезек жоқ, – деді Болат Бақауов. – Дайындықты бүгіннен бастау керек. Әлеуметтік объектілерге қатты отынның жеткізілуі туралы күн сайынғы есептер жасалуы тиіс. Көмір бағаларына саралау жасаңыздар. Олардың маусым бойы тұрақты болуын қадағалаңыздар.

     Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов мәлімдегендей, аймақтың әлеуметтік объектілеріндегі қазандықтарға отын сатып алу үшін 1,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. – Бүгінгі күні кәсіпорындармен 141 мың тонн көмірдің жеткізілуіне байланысты келісімшартқа қол жеткізілді,- деді Ержан Иманзайыпов. – Бұл жоспарланған мөлшердің 97,5 %-ын құрайды.

   Ержан Иманзайыповтың айтуынша  Павлодар облысында 2414 тұрғын үй жылыту маусымына дайындықтан өтуде. Бүгінгі күні олардың 56%-ы қысқа дайын, олардың 40%-ы Павлодарда, 15%-ы Ақсуда орналасқан.

   1 шілдеде ұсынылған мәліметтерге сәйкес, облыс тұтынушыларының көрсетілген коммуналдық қызмет үшін жалпы қарыз сомасы 2 606,6 млн. теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы жағдаймен салстырғанда 135,2 млн. немесе 4,9 % кем болып табылады. Сонымен қатар Павлодар қаласы бойынша бюджеттік мекемелердің қарыз мөлшері 18,8 млн. теңгеден 51,2 млн. теңгеге (32.4 млн теңгеге немесе 2,7%-ға)  дейін артты. Соның ішінде Павлодар қаласының қарызы барлық облыс бойынша бюджеттік мекемелердің 66,4%-ын құрайды.

   Сонымен қатар Павлодар қалаларында қарыздың мөлшері 665,6 млн. теңгеден 694,8 млн. теңгеге дейін өскені байқалды. Екібастұз қаласы тұрғындарының қарыз мөлшері жоғары деңгейде, яғни 999,3 млн. теңге, бұл жалпы облыс қарызының 47,7%-ы болып табылады. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға, яғни 30,5 млн. теңгеге төмендеді.

    ТҮКШ мен әлеуметтік сала объектілерін жаңа жылыту маусымына уақытылы әрі сапалы дайындау мақсатында басқарма көшпелі мониторинг кестесін құрды, – деді  Ержан Иманзайыпов. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс әкімі бюджеттік мекемелердің коммуналдық төлемдер бойынша қайтарылмаған қарыздарға байланысты мәселені бақылауға алуды тапсырды.

– Бізде біраз ғана уақыт қалды. Жаңа жылыту маусымын дұрыс өткізу үшін барлық шараларды қолдануымыз керек. ТҮКШ және әлеуметтік объектілер жаңа жылыту маусымына 100% дайын болуы тиіс, – деп қорытындылады облыс әкімі.