О реализации пяти социальных инициатив в Павлодарском регионе

 О реализации пяти социальных инициатив в Павлодарском регионе

       «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші әлеуметтік бастама аясында Бақытжан Жұмағұлов Павлодар түсті металлургия колледжіне барып қайтты. «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніндегі 9 қабатты №3 тұрғын үйдің құрылысымен танысты, сонымен қатар «Микрокредиттеуді кеңейту» төртінші бастамасының аясында Пархоменко ЖК-де болды.

         «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші әлеуметтік бастамасы аясында 

   Республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде аймақ басшысы Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың аралық нәтижелерімен таныстырды.

       Болат Бақауов айтып өткендей, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру үшін Павлодар облысында «Жол картасы» құрылды. Оның негізгі мақсаты – облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру. – Жыл басынан жалпы ауданы 81 мың шаршы метрді құрайтын үйлер пайдалануға берілді. Тұрғын үйлердің салыну қарқыны 1,4 есе артты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 252 пәтер салынды. Жылдың соңына дейін бұдан бөлек 1 009 пәтер тапсырылмақ.

         Екінші бастама шеңберінде облыста жалақы мөлшері 63 125 теңгеден төмен 75 мың адам үшін салық жүктемесі төмендейді. Осы бастаманың нәтижесінде халықтың бұл категориясы үшін орташа жылдық жалақы мөлшері 1,3 млрд теңгеге артады. Салық салуға дифференцирленген ыңғайды енгізу  ең алдымен жас қызметкерлер мен ауыл тұрғындарына пайда әкеледі. Бұл ыңғай бейресми жұмыс істейтін жұмыскерлерге оң әсерін тигізеді.

    Үшінші бастаманы жүзеге асыру аясында Павлодар облысында 1531 білім гранты бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3%-ға көп. Сонымен қатар жоғары білімді және ЖОО-дан кейінгі білімі бар  кадрларды педагогикалық, медициналық, техникалық мамандықтар бойынша даярлау мақсатында жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 65 млн. теңгені құрайтын 200 грант бөлінді. Өткен жылы демеушілік қолдау арқылы әрқайсысы 200 орынға арналған 2 жатақхана салынды. 2020 жылға дейін 9 жатақхананы салу жоспарланып отыр, бұл 2630 студенттің жағдайын жасауға мүмкіндік береді.

Микрокредиттеуді кеңейту бойынша төртінші бастаманы жүзеге асыру мақсатында 2,2 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп болып табылады.