
Облыс әкімі жаңа басшыны активке таныстыру барысында тағайындалушының Екібастұз қаласы сияқты өнеркәсіптік қаланың дамуына қажетті тәжірибеге ие екендігін айтып өтті. Нұржан Әшімбетовтің негізгі мақсаты инвестицияларды тарту болмақ. Сонымен қатар Болат Бақауов жаңа әкімге Екібастұз қаласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту жөнінде тапсырма берді. Оның жұмысының тағы бір қиыншылығына облыстың ұзақ уақыт құрылысы бітпей жатқан отын-энергетика кешені кадрларын даярлауға арналған оқу орталығының салынуы жатады.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа қызметке тағайындалмас бұрын Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
Нұржан Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысының Черное ауылында дүниеге келді. Ол Алматы зооветеринарлық институты мен Алматы статистика және экономика институтын зооинженер және бухгалтер-экономист мамандықтары бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік бойынша Павлодар аймақтық комитетінің маманы қызметінен бастады. Содан соң Халықаралық даму бойынша америкалық агенттігіне жататын «Карана» корпорациясының кеңесшісі болды. 1997-1999 жылдар аралығында өнеркәсіптік кооператив төрағасы, Лебяжі ауданындағы агрофирма директоры қызметтерін атқарды. 1999 жылдан бастап 2008 жылға дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2009-2012 жылдары аралығында Петропавл қаласының әкімі болды. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарды.
Павлодар облысы әкімдігінің Баспасөз қызметі