
Жаңа көліктерді Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Тереңкөл, Май, Шарбақты, Павлодар, Успен аудандарының орталық ауруханалары және Екібастұз қаласының №3 емханасы алды.
Жатып қалған науқастарды тасымалдауға арналған және медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған арнайы медициналық көліктер шалғай ауылдарға жіберіледі.
- Өңірде жаңа санитарлық көліктер 2017 жылдан бері сатып алынбаған. Өткен жылы біз оны кезең-кезеңімен жаңартуды бастадық. 2025 жылға қарай облыстың барлық шалғай ауылдарындағы жедел жәрдем көліктерін 100% жаңартуды жоспарлап отырмыз, - деді өңір басшысы.
Бүгінгі күнге дейін ауылдық жедел жәрдем қызметінде 58 автокөлік болған. Биыл сатып алынған жаңа 39 көлікпен аймақтың санитарлық көліктермен жабдықталуы 84%-ға жетті. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті тағы 37 бірлік сатып алып, 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев