Кенші күні құтты болсын!

Кенші күні құтты болсын!

Болат Бақауов Кенші күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Кеншілерді құттықтай отыра, ол Павлодар облысының көмір бойынша ішкі экономикалық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыратыны және экспорттың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отырғаны жөнінде айтып өтті. Бүгінгі күні өңірде 30,8 миллион тоннадан артық көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артық болып табылады. 

– Сіздердің мамандықтарыңыз өңіріміздегі ең қажет және ең маңыздылардың бірі болып табылады, – деді мәдениет орталығында жиналғандарға Болат Бақауов. –Кеншілердің еңбектерінің арқасында өнеркәсіп пен көлік жұмыс істейді, үйімізге жылу келеді. Кеншілердің еңбектері Екібастұз кәсіпорындарының тарихында мәңгілікке қалады. Сіздердің мамандықтарыңыз қасиетті де қастерлі. Батылдық пен күш – кенші мамандығын таңдаған адамдардың ерекше қасиеттері. Жұмысында ерекше жетістіктерге жеткен кеншілерге облыс әкімі атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді. Мереке иелерінің құрметіне сахнада Қазақстан эстрада жұлдыздары Әлішер Каримов пен Диана Шарапова өнер көрсетті.