
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке барлық қазақстандықтарды біріктіреді және тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуын бейнелейді.
⠀
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы ауыстыру туралы стратегиялық шешімі жас мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарды.
⠀
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы – бұл Қазақстан мен Еуразияның саяси, экономикалық, мәдени және білім орталығы. Павлодар және еліміздің басқа облыстарының тумалары білім алу, өз бизнесін құру, мемлекеттік қызметшілер қатарын толықтыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында бірікті. Елорда шаңырағының астында миллионнан астам адам бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Осының бәрі – Елбасының көреген шешімі мен халқымыздың бірлігінің нәтижесі.
⠀
Елордамыз одан әрі көркейе берсiн! Қазақстанға және оның әрбір азаматына жаңа жетістіктер тілеймін!
⠀
Мерекелеріңізбен! Елорда күні құтты болсын!