Ата-бабаның құрметіне

Ата-бабаның құрметіне

Бұл іс-шараның құрметіне Ақшиман ауылының маңында киіз үйлер қалашығы тұрғызылып, көкпардан жарыс өткізілді. Павлодар облысының әкімі кесенені ашу салтанатында аймақ картасында тағы бір киелі жердің пайда болғандығы жөнінде айтып өтті.

– Өз тарихын білмейтін халықтың болашағы жоқ, – деді Болат Бақауов. Еліміздің барлық аймақтарында қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бастаған бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Бүгін біз тарихымыздың тағы бір жаңа бетін ашқалы отырмыз. Бұл кесенені салуға ат салысқандардың барлығына алғысымды білдіремін.  

Ақбалық хазірет – ислам дінінің атақты уағыздаушысы. Шамамен 1833 жылы дүниеге келді. Хазіреттің шын аты – Әбділдә. Хазірет терісінің түсі ақшыл болғандықтан халық арасында Ақбалық атанып кеткен. 20 жасында туған ауылынан кетуге мәжбүр болды. Ол уақытта сарт саудагерлеріне қызмет етіп, малды Ташкентке айдаумен айналысты. Ұзақ жылдар бойы Ташкент пен Бұхара медреселерінде білім алды. 44 жасында Хазірет атанып, туған Бестауға қайтып оралды. Осында мешіт-медресе ашып, қазақ балаларының сауатын ашуға, ислам дінінің қағидаларын үйретуге үлес қосты.