Павлодар облысының әкімі жөнделген тас жолдардың сақталуы үшін алаңдаулы

Павлодар облысының әкімі жөнделген тас жолдардың сақталуы үшін алаңдаулы

Жөнделген жол  бетінің сақталуына ерекше мән беру қажеттілігі жөнінде аймақ басшысы өткен жылы айтқан болатын. Бұл мәселе қазіргі таңда әлі өзекті болып табылады. 2018 жылы жолды жөндеу мен қалпына келтіру мақсатында тек облыстық бюджеттен 12,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді! Алайда пайдалануға берілген жолдармен әлі де ауыр көптонналықтар жүріп жүр. Осы жағдайды талдап бастаған кезде, автокөліктің көтере алатын массасынан артық жүкті таситын машинаға көлік инспекциясы арнайы рұқсат қағазын жазып беретіні анықталды. Бұл жағдайда жүк көлігінің ішіндегі заттың түріне мән берілмейді. Жеткізуші осы ақылы мемлекеттік қызметке керек жағдайда жүгіне алады. Арнайы рұқсат қағазының бағасы – 58 мың теңге. Ол 6 айға дейінгі мерзімге беріледі. Ол дегеніміз, орташа есеппен алғанда жеткізуші тәулігіне 325 теңге төлеп, ауыр салмақты материалдарды таси бере алады.

– Жуырда ғана мен 2 жыл бұрын жөндеуден өткен Шалдай-Восточное тас жолымен өттім,- деп әңгімеледі әкім. Оның қазіргі жағдайы өте нашар. Сол себепті бөлінетін ауыр жүкті таситын жеткізушілерге арнайы рұқсат қағаздарын беруге тыйым салу керек. Бұл құжатты өзінің физикалық қасиеттері мен инженерлік шешімі бойынша «монолит» болып табылатын немесе бөліп тасымалдандайтын жүкке берілуі тиіс.

Бұдан басқа, аймақ басшысы полицейлер мен мамандар заттарға берілген арнайы рұқсат қағаздарының жасанды емес екенін тексеруді талап етті. Ауыр жүккөліктерін мұқият тексеру үшін көлік инспекциясына жалпы сомасы 100 миллион теңге болатын арнайы жасақталған 3  машина сатып алынды. Таяу арада көліктер Павлодарға әкелінеді. Олардың біреуі Қалқаман мен Майқайың тас жолының барлық бағытқа қиыршықтас таситын аумағында жұмыс істейтін болады.