Павлодар картобы – Астанада

Павлодар картобы – Астанада

Осы демалыс күндері Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оның барысында павлодарлық тауар өндірушілер астаналықтарға өз өнімдерін ұсынбақ. Сауда қатарлары 8-9 қыркүйек күндері Мұнайтпасов көш. 9 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан» СК автотұрақ алаңында жұмыс істейтін болады.

Жәрмеңкеге Павлодар облысының 100-ден астам кәсіпорны қатысады. Соның ішінде  «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар – Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Тимур» ШҚ, «Қайрат» ШҚ және т.б. Фермерлер астанаға 500 тоннадан астам өнім әкеледі: 18,7 тонна сиыр еті, 10,5 тонна жылқы еті, 2,5 тонна қой еті, 5 тонна құс еті, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс пен 130 тоннадан артық ауыл шаруашылығы өнімдері.

Ет пен көкөністерді сатушылар Павлодар облысының эмблемасы бар өздігінен ыдырайтын экологиялық таза пластик пакеттеріне салатын болады. Сонымен қатар барлық павильондар бір стильде безендіріліп, сатушылар мен қызметшілер бірдей киім киеді.