
Бүгінде Павлодар облысында 415 бастауыш ұйымға біріктірілген 65 мыңға жуық партия мүшелері тіркелген. Аймағымызда пилоттық партиялық жобалар қызу қарқынмен жүзеге асуда.
– Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалармен қатар Жолдауды жүзеге асыруда бастауыш партиялық ұйымдарға ерекше көңіл бөліп отыр, – деді Болат Бақауов.

– Жаңғырту үрдістеріне орай партия алдына ауқымды міндеттер қойылуда. Бұл ретте көп дүние бастауыш партиялық ұйымдарға байланысты. Өйткені дәл осы құрылымдар халыққа барлығынан жақын келеді. Идеологиялық жұмыстардың негізгі бөлігі осы бастауыш ұйымдар арқылы жүзеге асады, – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы.

Форум Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан облыстарының 250 өкілін біріктіреді. Форум қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық бастауыш партия ұйымдарының форумында ортаға тасталмақ.