
Павлодарлық құрылысшылар мен өнім өндірушілер облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстелде кездесті. Аймақ басшысының төрағалығымен тараптар мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жеткен бас мердігерлерге құрылыс материалдары мен жабдықтарды кей кезде жеткізе алмайтын отандық өндірушілерді қолдау мәселесін талқылады.

– Құрылыс компаниялардың басшылары айтып өткендей, кейде қазақстандық, соның ішінде павлодарлық тауар өндірушілер шығаратын өнімнің бағасын тым көтеріп жібереді. Сондай жағдайда мердігерге материалдар мен техникалық жабдықтарды шетелден сатып алған тиімді. Сонымен қатар құрылысшылар мен өндірісшілерге қажетті материалдар Қазақстанда мүлдем өндірілмейтін жағдайлар да болады.
– Бізге бұлғауыштарға арналған күрекшелер, экструдерге арналған конустар, ұсақтағышқа арналған биобалғалар керек. Бірақ мұндай өнімдерді біз Қазақстаннан таба алмаймыз,- деді кездесу барысында «Вершина» ЖШС өкілі Әлібек Қуанышев. – Жыл сайын осы жабдықтарды сатып алу үшін біз 100 миллион теңге бөлеміз. Осы қаражаттың барлығы Қытайға кетеді. Біздің өңірде осыларды шығарумен айналысатын өндіріс болса осы ақшаның барлығы аймағымызда қалуы мүмкін.

– Мердігерлер мен жеткізушілердің арасындағы қарым қатынас мәселесін шешу үшін Павлодар облысының әкімі құрылысшылар мен өнім өндірушілер ассоциациясын құру жөнінде ұсыныс жасады. Аймақ басшысының ойынша бірлестік тараптарға ортақ шешімдерге келуге көмектеседі.

– Біз Түмен облысында болған кезде ол жақтағы құрылысшылар ассоциациясы өкілдерімен кездестік, – деді Болат Бақауов. Бұл бірлестік жергілікті атқарушы билік алдында заңнамалық жиналыс арқылы құқықтары мен көзқарастарын дәлелдей алады.

– Диалогты аяқтай отырып облыс әкімі отандық тауар өндірушілерін қолдау бойынша комиссиясын өзі басқаратынын айтты. Комиссия мүшелері тоқсанына 1 рет жиналыс ұйымдастыратын болады, шұғыл мәселелер туындаған жағдайда жоспардан тыс жиындар өткізіледі.