Бүгін облыс әкімдігінде туристік маусымға дайындық, жерлерді суармалы жер ретінде пайдалану, мамыр айындағы мерекелерді өткізу талқыланды

Бүгін облыс әкімдігінде туристік маусымға дайындық, жерлерді суармалы жер ретінде пайдалану, мамыр айындағы мерекелерді өткізу талқыланды

Жиналысты ашқан Асайын Байханов өрт қаупі бар кезеңнің басталғанын еске салды. Дала өрттерінің алдын алу бойынша жұмысты уақтылы қамтамасыз етуді, саяжайларға мониторингті күшейтуді тапсырды.

Мамыр айындағы мерекелер қарсаңында облыс аумағында жүздеген мәдени іс-шаралар өткізіледі. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыста 450 іс-шара өтеді.

1 мамыр күні сағат 11.00-де Конституция алаңында мерекелік концерт болады. Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара 7 мамыр күні сағат 15:00-де Естай атындағы мәдениет үйінде өтеді.
9 мамырда өңіріміз әркімге өзінің ҰОС-на қатысқан туыстары туралы ақпаратты орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы құрылған платформада «Ер есімі-ел есінде» патриоттық шеруіне онлайн-форматта қосылады. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай 9 мамырда Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 2,0 млн теңге мөлшерінде біржолғы қаржылық көмек аударылады.

Сонымен қатар, Павлодар облысы жазғы туристік маусымға дайындалуда. Демалушылардың басым бөлігін Баянауыл курорттық аймағы, Маралды көлі қабылдайды. 26 жабдықталған жағажай ашылады, оның ішінде: Солнечный кентінде, Маралды және Тұзқала тұзды көлдерінде, Riviera.
Павлодардағы демалыс орындары: өзен айлағы, «Адреналин» страйкболы, қалалық саябақ аумағындағы «Hollywood» ашық аспан астындағы кинотеатры, Гагарин саябағында трайктарды жалға алу, «Sunsup» сапсерфингі, күмбезді үйлер, Кенжекөл ауылындағы «Щучье» демалыс аймағы, белсенді демалыс орталығы және қарағайлы орман.

Бекітілген «Павлодар облысының туристік саласын дамыту жөніндегі жол картасы» бойынша 9 млрд. теңгеге 7 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда: Біржанкөл ауылына дейін Торайғыр-Жасыбай автокөлік жолын күрделі жөндеу, көлге кіреберісті жөндеу. Жасыбай, «Мырзашоқыға» дейін су тарту және т. б.
Баянауыл ауданында жазғы маусымның ашылуы 15 маусымға жоспарланған. Туристерге ыңғайлы болу үшін Instagram әлеуметтік желісінде visit_pavlodar.obl парақшасы бар.

Облыс әкімі аймақтың тартымды туристік имиджін және оны дамыту қажеттігін атап өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне туристердің баратын жерлерін дайындауды және инфрақұрылымдық жобалар бойынша мониторингті қамтамасыз ету тапсырылды.
ТЖ департаментіне, қалалар мен аудандардың әкімдеріне су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, көрікті жерлерге қол жетімділікке, интернетке қатысты мәселелерге, қоқыстарды шығаруға назар аудару қажет.

Жиналыста жерлерді суармалы жер ретінде пайдалану мәселесі қаралды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша суармалы жерлердің ауданы - 169,5 мың га. Оның ішінде 72 мың га суармалы. Суармалы егіншілікті дамыту үшін Павлодар облысында суармалы учаскелерге инженерлік инфрақұрылымды жүргізу бойынша ЖСҚ әзірленген 35 жоба бар.

Асайын Байханов Аққулы, Железин, Ертіс, Павлодар және Тереңкөл аудандарының әкімдеріне 15 мамырға дейін әрбір шаруашылықпен ИКИ жүргізу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне ауыл шаруашылығы басқармасымен және «Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ бірлесіп пайдаланылмайтын суармалы жер учаскелері бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев