Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды

Өңір басшысы қазіргі уақытта жөндеуді қажет ететін Екібастұзға 50 жыл көшесінің бойындағы кәріз коллекторының учаскесіне барды. 2 260 метр желінің 90%-дан астамының әбден тозығы жеткен. Көптеген жарықтар мен құбырдың жоғарғы бөлігінің ішінара құлауына байланысты өткізу қабілеті төмендеген және апатты жағдайлар жиі орын алуда. 2024 жылдың басынан екі апатты жағдай болды, соңғысы - бір ай бұрын.

Ахуалмен танысқаннан кейін Асайын Байханов төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау мәселесін қарауды тапсырды.

Коллекторды санация әдісімен реконструкциялауға мүмкіндік бар. Қажетті жұмыстардың сметалық құны есептелді.

- Қазір қаланың тіршілігі үшін қажетті маңызды коммуналдық нысанды қалпына келтіру үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктерді пайдалану қажет, - деп атап өтті өңір басшысы.

Одан кейін облыс әкімі 10-нан астам шағын аудандар мен өнеркәсіптік аймақ орналасқан қаланың солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз ететін «Хлебозаводская» электр қосалқы станциясының жұмысын тексерді.

Сондай-ақ, қаланы аралау барысында әкім балалар шығармашылығы орталығының құрылыс барысын тексерді. Қазір нысанның 2-3 қабаттарының қабырғалары қалануда. Айдың соңына дейін құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 40% аяқтау жоспарлануда. Өңір басшысы сапаға баса назар аудара отырып, жұмысшылардың санын көбейтуді және құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында әкім жаңа ЖМ-7/1 жылу магистралінің құрылыс алаңына барды. Жалпы ұзындығы 3,5 км болатын жаңа жылу магистралінің құрылысы аяқталып, желі гидравликалық және температуралық сынақтардан өтті.
Қазір мұнда асфальт төсеуге және аумақты абаттандыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев