Павлодарда «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының форумы аяқталды.

Павлодарда «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының форумы аяқталды.

Партия хатшысы Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру Концепциясын қабылдау кезінде барлық көзқарастардың ескерілетіндігі жөнінде уәде берді.

  Форум жұмысын аяқтай отырып Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов партиялықтарға белсенді қызметтері үшін алғысын білдіріп, сындарлы талқылаудың нәтижесінде бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен беделін көтеретін және бастауыш ұйымдар арасындағы өзара қатынасты күшейтетін Концепцияның жасалатындығы туралы ой білдірді.

  – Бастауыш партия ұйымдары жұмысын жандандырудың бір жолы – партия белсенділері мен БПҰ төрағаларына мансаптық өсу мүмкіндігін ұсыну, – деді аймақ басшысы. – Бұл дұрыс шешім. Себебі БПУ ең белсенді төрағалары мен өкілдері мемлекеттік органдар мен партиялық органдардағы саяси және сайлаулы қызметтерге ұсынылуы тиіс. Партияның кадрлық қорының қалыптасуы Президентіміз, Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдымызға қойған міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының келесі форумы Ақтөбе қаласында өтетін болады.