
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі ел аймақтарын жұмыс сапарымен аралап шықты. Бақытжан Сағынтаев қоғам өкілдері және облыс белсенділерімен аймақ өнеркәсіптерін, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған шараларды қолдану, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет көрсету сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Павлодар облысына келді.
Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілеріне барып қайтуды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – мемлекеттік және салалық бағдарламалар, сондай-ақ «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Бес әлеуметтік бастама» сынды Президент жүктеген тапсырмалардың орындалу қарқынымен танысу.

Премьер-Министрдің аймағымыздағы жұмыс сапары Екібастұз қаласынан басталды. Бұл жерде ол «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ құрамына кіретін «Шығыс» көмір разрезіне барып, аймақтың 2018/19 жылдың жылыту маусымына дайындығын пысықтады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Жазылбектің айтуынша, ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша көмірді өндіру көлемі 3,5%-ға өсті. Облыс тұрғындарының қажеттіліктеріне сақталып отырған көмір қоры 120 000 тоннаны құрайды. Облыс қалалары мен аудандарындағы отын базаларында 18 000 т көмір сақталған. Бүгінгі күні көмір жетіспеушілігі байқалмайды, көмір сатылымда бар. Тұрғындарға көмір жеткізумен 300-ден астам жеке кәсіпкер айналысады. Көмірдің орналасқан жері, түрі мен сұрпына байланысты бөлшек сауда бағасы 6700-17000 теңге арасында, соның ішінде тас көмір 6700-10500 тг/т және сұр тас көмір 11500-17000 тг/т тұрады.
Әлеуметтік сала обектілерінің қазандықтарына қала және аудан әкімдіктерінің бюджеттерінде 1,376 млрд. теңге 183,3 мың тонна мөлшеріндегі қатты отын сатып алу үшін қарастырылған. Бүгінгі күні тұтыну орындарына 176 мың тонна көмір жеткізілген. 20 орталық қазандыққа 47,7 тонна көмір әкелінді. Жеткізу кестеге сәйкес жүріп жатыр.
Объектіні аралау барысында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті В.Гриненко бүгінгі күні «Шығыс» көмір өнеркәсібінің үлесіне Қазақстанда өндірілетін энергетикалық көмірдің 20%-ы тиесілі екенін мәлімдеді. Бұл жерде әлем тәжірибесінде алғаш рет шектеулі горизонталдық қуаты бар көмір қыртысы еңіс жайғасу жағдайында жерүсті технологиялық кешенге конвейерлік көлік көмегімен көмірді өндірудің толассыз технологиясы жобаланып, енгізілді. Көмірді өндірумен қатар оны тұтынушыға жіберер алдында қайта өңдеу жүргізіледі.

Бақытжан Сағынтаев өндірістік үрдістің технологиялық тізбегімен танысып, елімізде баламасы жоқ жаңа өнеркәсіптік объектіні іске қосты. Ол – жылына 10 млн. м3 аршыма тау жыныстары қуаты бар циклді-толассыз аршыма тау жыныстары кешені. Өнеркәсіпті іске қосу еңбек өнімділігін арттырып, көмір қыртыстарының ашылуын қамтамасыз етіп, өндіруге дайын көмір көлемін арттырып, көмір кәсіпорындарының арасындағы бәсекелестіктің артуына себеп болады.
«Осы жылы біз 18 млн. т қатты отын өндіруді мақсат етіп отырмыз. Ол 2017 жылы тұтынушыға жеткен көмір мөлшерімен салыстырғанда 1 млн. тоннаға артық болып табылады. Көмір өндіруге өнімдігілі жоғары заманауи көліктер жұмылдырылған. Өндірістің технологиялық жабдықталу деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Бұл өндірілген көмірдің сапасын арттырып, еңбек қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді В.Гриненко.
Құрылыстың 2-ші кезеңін алдағы бірнеше жылда аяқтау жоспарланып отыр, ал соңғы 3-ші кезеңін 2027 жылы жүргізіледі. Ол уақытқа дейін жылдық өнімділік деңгейі 20 млн. м3 тоннаға дейін жетеді. Барлық дерлік жұмыстарды отандық мердігер ұйымдары мен ЕЭК өз қызметшілері атқарды. Барлығы 300-дей адам жұмысқа тартылды.
Жобаға сәйкес экологиялық таза технологияларды енгізу, басқаруды автоматтандыру, табиғи қорларды тиімді пайдалану мен табиғатты қорғау шараларының тиімділігі де қарастырылып отыр.
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры М.Әбішев өз кезегінде 325 МВт қуаты бар №5 энергоблоктың осы жылы пайдалануға берілетіні жөнінде мәлімдеді. Бүгінгі күні 5 энергоблок пен 2105 МВт қуаты бар 2 турбина жаңартылудан өтті. 2024 жылға дейін Екібастұздық ГРЭС-1 барлық 8 энергоблогы жобалық қуатқа шығады.

Жалпы, облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес өңір энергокешенінде жалпы қуаты 8400 МВт құрайтын 7 жылу электростанциясы бар. 2017 жылы электр көздері 41,35 млркВт/сағ электр энергиясын шығарды. 8 айдың ішінде шығарылған электр энергиясының мөлшері 30,5 млрдкВт/сағ немесе өткен жылдың сондай уақыт аралығымен салыстырғанда 116,4%-ды құрады. Павлодар облысында электроэнергияны пайдалану 12,7 млрд. кВт/сағ немесе жалпы шығарылған ЭЭ көлемінің 41,6% деңгейінде. Қазақстанның басқа аудандарына 14,05 млрдкВт/сағ(46%), ал РФ-ға экспорт 3,75 млрдкВт/сағ (12,3%) жеттті.
Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министр Елбасының тапсырмасына сәйкес ел аудандарын жұмыс сапарымен аралап жүр. Осыған дейін Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарларымен Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан), Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына барып қайтты.