Павлодар облысының әкімі Железин мен Тереңкөл аудандарындағы су тасқыны жағдайын бақылап қайтты

Павлодар облысының әкімі Железин мен Тереңкөл аудандарындағы су тасқыны жағдайын бақылап қайтты

Асайын Байханов жергілікті жауапты мемлекеттік органдардың су тасқыны жағдайына дайындығын тексерді және су басу қаупін бағалады.

Тереңкөл ауданында Ивановка, Алтай, Томарлы және Первомайск ауылдарын су басу қаупі бар. Су тасқынының алдын алу үшін еріген су сорылып шығарылуда, бөгеттер салынды және судың арнасын бұруға арналған арықтар қазылды. Бұл жұмыстарға барлығы 29 бірлік техника, 17 мотопомпа және 70-тен астам адам жұмылдырылды.

Железин ауданындағы Михайловка және Веселая роща ауылдарында судың арнасын арық қазу арқылы бұруда. Барлығы 6 жедел топ жұмыс істеуде, 60-тан астам техника бар.

Су басу қаупі бар әрбір ауылда су тасқынына қарсы қажетті жұмыстар жүргізілуде, жауапты қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады.

Өңір басшысы Асайын Байханов әкімдерге үйлерді су басуға жол бермеуді және жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауды тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев