Бақытжан Сағынтаев Екібастұз қаласындағы майнингтік компанияға барып қайтты

Бақытжан Сағынтаев Екібастұз қаласындағы майнингтік компанияға барып қайтты

Қазақстан Премьер-Министрі Павлодар облысына жұмыс сапарының шеңберінде жуырда ғана іске қосылған «БНКА Энерджи» ЖШС техникалық жабдықталу деңгейі мен даму перспективаларын бағалады. Primeminister.kz мәлімдеуінше, олар облысқа майнинг саласында қызмет көрсетумен айналысады. «БНКА Энерджи» ЖШС-не жасаған сапары барысында Премьер-Министрге дата-орталығының техникалық мүмкіндіктері көрсетілді. Бақытжан Сағынтаев бірінші цехтегі майнинг ұяшықтары мен басқару пунктіндегі электронды есептегіштерді көріп шықты.

Жобаның іске қосылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншісі 6-шы тамызда басталды. Қазір өнеркәсіп 4МВт электр энергиясын тұтынады. Келесі кезеңді 20 қыркүйек күні бастау жоспарланып отыр. Қуат 11 МВт-ға дейін артады, ал 10 қарашада18 МВт-қа дейін жетеді. Нәтижесінде жылдың соңына дейін «БНКА Энерджи»  33 МВт-қа дейін тұтынуды жоспарлап отыр. Қазақстандық компания майнинг-фермаларға арналған хостинг қызметін ұсынумен айналысады. Оған сол жердегі майнингке арналған жабдықтарды орнату, жабдықтарды үздіксіз сараптаудан өткізіп, бақылау және тұрақты электр энергиясы мен интернет байланысты қамтамасыз ету жатады.

Қазіргі уақытта компания осы саладағы жетекші орындардың біріне ие. Орталықты салу орнын таңдау барысында ең алдымен электр энергиясының профицитіне, оған деген төмен бағаларға және білікті мамандардың болуына көп мән берілді. Ірі майнингтік фермалар мен компанияларды тарту арқасында Павлодар облысы блок-чейн технологиясын қолдану бойынша үлкен орталыққа айналуы мүмкін. Бүгінгі күні бағасы 5,7 млрд. теңге болып табылатын орталықта 16 адам жұмыс істейді. Жоба аяқталғаннан кейін 60-қа жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Тоқсан сайын мамандарды Қытайдағы майнинг-жабдықтарын шығарумен айналысатын зауытқа біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибе алуға жібереді. Ол жерде қызметкерлер жабдықтарды жөндеу мен дұрыс қолдануды үйренеді.