Кеше Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласында жылу беру маусымының өтуі және алдағы маусымға дайындық жоспарлары бойынша көшпелі жиналыс өткізді

Кеше Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласында жылу беру маусымының өтуі және алдағы маусымға дайындық жоспарлары бойынша көшпелі жиналыс өткізді

Қаланы жылумен Ақсу ферроқорытпа зауытының қазандығы қамтамасыз етеді. Жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде. Энергия көзінде авариялық ақаулар тіркелген жоқ.

Ақсудағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 99 км, тозуы – 64 % құрайды. Бұл аймақтағы жылу желілерінің тозуының ең төменгі деңгейі.
2023 жылы ағымдағы жылу маусымына дайындық барысында 5,2 км желі жөнделді, 2024 жылы 4,1 км жаңарту жоспарлануда. Сондай-ақ, биылғы жылы АФЗ-ның 4 қазандық агрегатын жөндеу жоспарланған.

Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін шамамен 2024 жылғы 15-22 сәуір аралығында Ақсуда желілерге гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

Сонымен қатар, сәуір айында жаңа жылу қазандығында іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Егер де аталмыш жұмыстар сәтті өтіп, жаңа қазандық іске қосылған жағдайда орталықтандырылған жылу желілеріне моноқаланың тағы 365 жаңа абоненті қосылады.

Жиналыс қорытындысы бойынша Асайын Байханов Ақсу әкіміне 10 сәуірге дейінгі мерзімде жаңа қазандықты пайдалануға беру бойынша «Жол картасын» бекітуді, гидравликалық сынақтарды уақтылы жүргізуді және алдағы жылу беру маусымына тиісті дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев