Өңір басшысы Асайын Байханов облыс орталығында премиум санатындағы қонақ үй салуды жоспарлап отырған инвестормен кездесті

Өңір басшысы Асайын Байханов облыс орталығында премиум санатындағы қонақ үй салуды жоспарлап отырған инвестормен кездесті

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен «ALAZAR GROUP» ЖШС өкілі Руслан Шаекин Павлодар қаласында «Novotel» қонақ үйін салу жобасын талқылады.

- Қонақ үйлер туризм индустриясының ажырамас бөлігі болып табылады. Павлодар қаласына келетін қонақтар мен туристер саны жыл сайын артып келеді, сондықтан, сіздің жобаңыз біздің өңір үшін маңызды. Биылғы жылы - бұл туризм мен қонақ үй секторын дамыту саласындағы алғашқы жоба, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Инвестор 120 бөлмелі қонақ үй салуды жоспарлауда. Тараптар жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, жаңа жобаға қатысты сұрақтарды талқылады.

Облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға аталмыш жобаны іске асыруда барынша көмек көрсетуді тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев