Облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында абаттандыру мәселелері талқыланды

Облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында абаттандыру мәселелері талқыланды

Биыл облыстың 146 ауласында жаңа балалар ойын алаңдары орнатылады, аумағы жарықтандырылып, асфальт төселеді. Бұған бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, 14 саябақ пен сквер ретке келтіріледі.

Бұдан басқа, 1,1 млрд теңгеге өңірдің 43 ауылын абаттандыру жоспарланған: 29 ауылда балалар алаңдарын орнату, 18 елді мекенді жарықтандыру, саябақтар мен скверлерді, жаяу жүргінші жолдарын абаттандыру бойынша 15 жоба.

Жеке көгалдандыру жоспарына сәйкес облыстың үш қаласында 27 мыңнан астам әртүрлі ағаштар отырғызылады.

1560 га аумаққа 9,5 млн көшет отырғызылады. Алғашқы 4,6 млн көшетті отырғызуды сәуірде бастайды. Қалған 4,9 млн көшет күзге жоспарланған.
Аймақтың ірі қала құраушы кәсіпорындарымен санитарлық-қорғау аймақтарына көктемде 14 мыңнан астам әртүрлі ағаштар отырғызу жоспарлануда.

Жиналыс қорытындысы бойынша өңір басшысы барлық жобалар бойынша конкурстарды уақытылы аяқтауды, содан кейін мердігерлердің жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев