Облыс әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Облыс әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Біз адамдарды бір-біріне жақындастырып, шынайы табыстыратын, көптен күткен және сүйікті Наурыз мейрамын – Қазақстанның жалпыға ортақ құндылығын қарсы алудамыз.

Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз бұл мерекеге ерекше мән берген. Ұлыстың ұлы күні – Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген.

Павлодар Ертіс өңірінің барша тұрғындарына мықты денсаулық және игі бастамаларына сәттілік тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға береке-бірлік, молшылық, ырыс-құт әкелсін.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! Ақ мол болсын!