Суару – бірінші кезекте

Суару – бірінші кезекте

Жобаны жүзеге асыруға бөлінген 6640 гектар аймақ Ертіс өзенінен 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл жерде Ертіс ауданының 5 ірі шаруа қожалығы жұмыс істеуді жоспарлап отыр – «Абай» атындағы ЖШС, «Замандас» ШҚ, «Данат» ШҚ, «Талапкер» ШҚ, «Оразбаев» ШҚ. Болат Бақауов бұл ауыл шаруашылығы өнеркәсіптерінің басшыларымен кездесті.

– Облыста басқа ондай аймақ жоқ, – деді фермерлермен кездесу барысында аймақ басшысы. – Әр суару машинасына өзеннің жақын болуымен қатар, дәстүрлі дизельді станциядан бас тартып электр қуатын да өткізуге болады. Негізінде розетқаға қосылу арқылы шаруалар дизельді отынға, операторға және станцияға қызмет көрсетуге жұмсалған қаражатты үнемдей алады. 1 гектардан 500 центнер картоп алынатын Ақтоғай ауданындағы суарудың қалай дамып жатқанын қараңыздаршы! Дәл сондай өнімді Ертіс ауданында да алуға болады.

Бүгінгі күні суару жүйесін салуға қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Әкім айтып өткендей 2019 жылға арналған қаржыландыру жобасын ұсыну үшін жобалаушылар құжаттарды тезірек дайындап бітірулері керек.

Сонымен қатар Болат Бақауов ветеринарияның өзекті мәселелеріне байланысты жиналысқа қатысты. Жиында қарастырылған бір мәселе мал қорымдарын қолданудан инсинераторларға өтуге байланысты болды.

– Біз қалай болса да жеткілікті деңгейде жоғары сапалы мал қорымдарын сала алмаймыз. Бір мал қорымы 2 жылдан аз уақытта толтырамыз, – деді Болат Бақауов. Мысалы Кенжекөл ауылындағы жаңа мал қорымы жарты жылда толып қалды! Одан да әр ауданға бір жылжымалы инсинератор алған дұрыс. Ол ветеринарлық пунктте орналасады және қажет болған жағдайда кез-келген ауылдық аймаққа жеткізіледі.

Бір мал қорымын салуға 6,5 миллионнан 12,5 миллион теңгеге дейін жұмсалатын болса, крематордың бағасы 20 миллион теңгені құрайды. Биомассаны өртеуге арналған пеш 20 жылға дейін қызмет ете алады. Бүгінгі күні облыстық ветеринария басқармасында 6 инсинератордың сатып алынуына өтініш дайындалды.