

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов жылыту маусымына дайындығы жөнінде хабарлады. Оның айтуынша барлық қызметтер қыс мезгіліне дайын. Алайда ПИК-тің нашар жұмысы үшін жылуды қабылдауға дайын емес үйлер бар. Павлодарда олардың қатарына Ермак, Российская, Лермонтов көшелері бойынша орналасқан үйлер кіреді.
Суық түскеннен кейін олар әкімдікке шағымданатын болады, – деді облыс әкімі Болат Бақауов. – Мұндай жағдайда сол үйлерді аралап, үйлерінің кімнің кінәсінен дайын еместігін түсіндіру қажет. Тек сол кезде ғана бұл үйлерде жұмыс басталады. Аймақтың кейбір ауылдарында басқа мәселе туындады – әлеуметтік-мәдени объектілердің көбінде қажетті көмір қоры жоқ. Ауыл әкімдері өз кезегінде бұл мәселені жақын арада шешетіндері жөнінде уәде берді. 
-Әкімдер көмірдің бағасын бақылап, отынның дайындалуын қадағалаулары тиіс, – деді аймақ басшысы. – Ертеңгі күні қыстың қандай болатынын білмейміз, алайда барлық аудандар мен қалалар, әсіресе бұл алыста орналасқан елді мекендерге қатысты, барлығына дайын болуы тиіс.

Кездесу соңында Болат Бақауов қала және аудан әкімдеріне жылыту маусымын тікелей қадағалауды тапсырды.