
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды көктемнің алғашқы күнінде шуаққа толы жарқын мерекелердің бірі - «Алғыс айту» күнімен құттықтаймын!
Шынымен де, 1 наурыз - мәні терең, күнтізбедегі ерекше күндердің бірі. Бұл мереке - барлығымызды бір шаңырақтың астына біріктіріп, жүрекке жылу сыйлап, бір-бірімізге ризашылығымызды танытып, көмек көрсететін барша жанға шынайы алғысымызды білдіретін мейрам.
Бүгінгі күнде өзара ынтымақтастық пен бірлік ерекше маңызға ие. Өңір басшысы ретінде облыстың барша тұрғындарына туған өлкеміздің дамуы жолында жасампаз еңбектеріңіз бен үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін!
Ізгі көктем мерекесінде әрқайсыңызға игі істеріңіз бен бастамаларыңыз, өзара түсіністік, шынайылық пен адамгершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын!
Әсіресе, құтқарушыларға, қиын сәттерде көмекке келетіндерге, дәрігерлерге, өрт сөндірушілерге, ТЖД Жедел-құтқару жасағы мен ТКШ коммуналдық қызметтерінің адал маман иелеріне және күн сайын қоғамға аянбай еңбек етіп жүрген барша жанға ерекше алғыс айтқым келеді!
Алғыс айту – адамдықтың белгісі. Сондықтан, бұл өмірде алғыс айтқан мен алғанға не жетсін!
Барымызды бағалап, тек жақсылықта жарысайық!