
Отырысты ашқан облыс әкімі Асайын Байханов Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің «жаңа моделін қалыптастырудың» маңыздылығын атап өтті.
- Қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда әлеуметтік кепілдіктер деңгейіне байланысты. Әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту, еңбекті қорғау саласы – Павлодар облысы әкімдігінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі, - деді өңір басшысы.
Отырыста тұрақты жұмыс орындарын құруға, «Мемлекеттік жоспарлау», «Мемлекеттік сатып алу» және «Жұмыс орындарын құру мониторингі» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға баса назар аудара отырып, отбасының цифрлық картасының жұмысы, мұқтаж азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.
Сапар барысында Светлана Жақыпова Павлодар қаласының мансап орталығына, еңбек ұтқырлығы орталығына барып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сондай-ақ, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ ұжымымен кездесті және «Ана үйі» ҚҚ, «Қамқорлық қоры» қорының бастамасымен құрылған аутизмі бар және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған облыстық оңалту орталығына барды.
Министрдің Павлодар облысына жұмыс сапары екі күнге созылады. 23 ақпан күні сағат 9.00-де Достық үйінде облыс тұрғындарымен кездесу өтеді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев