
Ақсақалдармен салтанатты кездесу барысында Болат Бақауов кейбір шешімдерді қабылдаған кезде ардагерлермен жиі ақылдасатыны жөнінде айтты.
– Жастарыңызға қарамастан сіздер әрдайым жастар сияқты белсенді өмірлік позицияны ұстанып келесіздер, – деді ол. – Сіздердің арқаларыңызда облыста тұрақты жағдай сақталып тұр. Қарттарымыз қоғамдық өмірге қосқан үлестері жастарды дұрыс тәрбиелеп, өмірлерінің жақсаруына үлес қосады. Аға ұрпақтың алаңдаушылығы қоғамды жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді.
Ақсақалдар аймақ басшысына жылы лебізі үшін алғыс білдірді. Әкім облыстық ардагерлер ұйымына гармонь мен компьютерді сыйға тартты.
– Бүгінгі күні қарттар мерекесін Даналық күні деп атау дәстүрге айналып келеді. Бұл бір жағынан дұрыс. Себебі өмір сүрген жылдар – ақсақалдардың жинаған тәжірибесінің көрінісі, – деді Павлодар қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәкен Намазбаев.
Павлодар облысында 166 мыңнан астам қарт адам тұрады.