
«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.
Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.
Республикалық конкурсқа қатысу үшін аймақтық кезең (іріктеу) өткізіледі, Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз-жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі. Өтінімдерді іріктеу конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Конкурстың қатысушылары Павлодар облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері болып табылады.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінімді толтырып (қосымша тіркеледі), kozhanbaev.kairbek@pavlodar.gov.kz электронды мекенжайына жіберу немесе Павлодар қ., Қайырбаев 32 к-сі, 1-қабат, 101 кабинетке ұсыну қажет. Анықтама телефоны: 8 (7182) 32 40 77, 8 747 426 6239, 8 747 904 5331.
«АруАна» үздік әйелдер жобалары конкурсына қатысуға өтінім - Жүктеу