Ауған соғысында қаза тапқандардың құрметіне

 Ауған соғысында қаза тапқандардың құрметіне

Павлодар қаласында Ауған саябағында 36 монументалды құрылыстың салтанатты ашылуы өтті. Кешеннің тұсаукесерін келесі жылы тойланатын Ауғанстан Демократиялық Республикасынан әскерді шығарудың 30 жылдығына арнады. 36 павлодарлықтың есімдері әрбір мемориалды тақтада сол соғыстың символы – қара бәйшешек түрінде көрсетілген.

-Өкінішке қарай бір тарихқа өзгеріс енгізе алмаймыз, бірақ жауынгер-интернационалисттердің мысалында өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне үлес қоса аламыз, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Бүгін біз Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен қатысушыларын еске алып жатырмыз. Біз осындай жағдайды басымыздан кешірмеу үшін тарихымызды есте сақтауымыз керек!

Қаралы митингтің басты қонақтарының бірі ауған жерінде қаза тапқан солдаттардың аналары болды. Олардың қатарында Тамара Чебакова да болды. Оның ұлы Николай Чебаков 1988 жылы соғыс қимылдарының кезінде қайтыс болды.

 

– Барлықтарыңызға ұлдарымызды ұмытпай, еске алып жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін, – деді Тамара Чебакова. – Бізге, қайтыс болған солдаттардың аналарына көмектесіп жүрген жауынгер-интернационалисттерге көп-көп рахмет. Біз үшін бұл өте маңызды. Өкінішке қарай мемориалды кешеннің ашылуына Мәскеуден Қеңес Одағының Батыры Руслан Аушев пен кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуын тікелей басқарған, «Боевое братство» жалпыресейлік ұйымның төрағасы Борис Громов келе алмады.

 

– Павлодар жерінде біздің қаза тапқан ағаларымызды еске түсіріп құрметтегендеріңіз – олардың ерліктерінің белгісі, – деді «Боевое братство» бірлестігі төрағасының орынбасары Геннадий Шорохов. – Ең бастысы ол кезде де, қазір да біз біргеміз, біздің бірлестігіміз ешқашан да бұзылмайды. Осы күні баққа келген адамдардың барлығы гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, жауынгерлік қарудан үш дүркін атылды.