Павлодар облысы – экономикалық дамудың көшбасшысы

 Павлодар облысы – экономикалық дамудың көшбасшысы

Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткен кездесудің басты тақырыбы ел Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттары болды.

– Кеңес Одағы ыдыраған кезде Қазақстанның жағдайы нашар болды: зауыт пен фабрикалардың жұмысы тоқтап қалды, жалақылар мен жәрдемақылар жиі төленген жоқ, – деді Нұрлан Нығматулин. – Қазақстан ауыр кездерді басынан кешірді, Президентіміз айқын жоспар бойынша әрекет етті – ең алдымен экономика, одан кейін бірақ саясат. Бұл өз нәтижесін берді. Қазақстан халқының саны 18 млн адамға дейін өсті, бүгінгі күні бұл соғыстар мен таластар болмаған жалғыз көпұлтты мемлекет. Себебі халық әрдайым Елбасының әрекеттеріне сенім білдіреді. Сендер жастар ретінде «Рухани жаңғыру» сияқты бағдарламалар арқылы ұлттық-рухани құндылықтарды нығайтуларың керек.

 

Мәжіліс төрағасы айтып өткендей Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыру «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегияларын жүзеге асырумен бір деңгейде маңызды.

– Павлодар облысында көп жұмыс жасалып жатыр, аймақтың даму қарқындылығы Ертіс өңірінің тек индустриялды орталық қана емес, сонымен қатар ел экономикасы дамуының көшбасшысы екенін көрсетеді, – деді Нұрлан Нығматулин.