


Төтенше жағдай қызметінің мамандарына УАЗ автокөліктері облыстық бюджет қаражаты есебінен алынды. 9 көліктің жалпы құны 45 миллион теңгені құрайды. Павлодар облысының әкімі жаңа техниканың кілттерін қалалар мен аудандардың жедел-құтқару отрядтары мен өрт бөлімшелерінің сарбаздарына тапсырды.
Арнайы техникамен қатар, алдағы қыс маусымында қаланы қардан тазалайтын аранйы техниканың таныстырылымы өтті. Қазіргі таңда екі коммунгалдық кәсіпорынынң көлік парктерінде 100-ден аса техника бар. Олардың ішінде, осы жылы сатып алынған машиналар да бар.


– Тәжірибе көрсеткендей коммуналдық қызмет мамандары алғашқы қарға ылғы да дайын болмай шығады, – деді Болат Бақауов. – Сондықтан, біз қысқы уақытта қаланың орталығы да, шағын аудандар да таза болуын талап етеміз. Шарт талаптары орындалмаған жағдайда, басқа мердігер ұйымдармен жұмыс істейтін боламыз.