Волейболшы қыздарға сенім мол

 Волейболшы қыздарға сенім мол


– «Ертіс-Қазхром»  ел чемпионатында жақсы жетістіктер көрсетіп жүр, алайда, бізге кішкене сәттілік жетіспей жатады, – деді аймақ басшысы Достық үйіндегі кездесуде. – Сондықтан біз осы жылы ерлер командасының бюджетін аздап қысқартып, қыздар командасының бәсекеге қабілетті болуына қаражат құйдық. Алдағы ойын маусымында сіздерге сәттілік тілеймін. Біздің волейболшы қыздарымыз үмітімізді ақтап, әдемі ойын көрсетеді деп сенемін.  

Клуб басшылығы команданың негізгі құрамын сақтап қалды. Сонымен бірге, құрамға Кристина Карапетян, Инна Молодцова, Светлана Парукова және Татьяна Серік секілді ойыншылар тыңнан қосылды.  

– Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз, – деді бас жаттықтырушы Светлана Котова. – Біз бұл ойын маусымында сенімдеріңізді ақтап, соңына дейін күресетінімізді айтқым келеді.

«Ертіс-Қазхром» командасы 25 қазан – 2 қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан Кубогының ойындарына қатысады.