
Анықталғандай, партияның аймақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары орны Илья Теренченко «Нұр Отан» хатшысы қызметіне тағайындалғаннан кейін босады.
- Бұл тағайындау – біздің саяси ұйымымызда жұмыстың мирокрация принциптері бойынша жүргізілетінінің айқын көрінісі, – деді партияның облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов есеп беру-сайлау конференциясы барысында. Бұл Мемлекет басшысы, партиямыздың Төрағасы бізге білдірген үлкен сенімнің белгісі және үлкен жауапкершілік болып табылады.

Бүгін партиялық жұмысқа Ақсу қаласының бұрынғы әкімі Николай Дычконың ауысатыны белгілі болды. Оған «Нұр Отан» аймақтық филиалының басшысы жаңа жұмыс орнындағы, соның ішінде бастауыш партия ұйымдарындағы жұмысты жандандыру бойынша тапсырма берді.
- Мен үшін партияда жұмыс істеу – үлкен құрмет, – деп жауап берді Николай Дычко. Осындай жауапты орында маған артылған сенімді ақтау үшін бар күшімді салып, қолымнан келгеннің барлығын істеуге тырысамын.
