Бүгінгі таңда көптеген шетелдік компаниялар елдің индустриялық орталығы ретінде Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық перспективаларын атап өтуде

Бүгінгі таңда көптеген шетелдік компаниялар елдің индустриялық орталығы ретінде Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық перспективаларын атап өтуде

Бүгінгі таңда көптеген шетелдік компаниялар елдің индустриялық орталығы ретінде Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық перспективаларын атап өтуде. Сонымен қатар, өңір мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және т. б. сияқты экономиканың басқа да салаларымен ынтымақтастық жасауға дайын.

 

Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуетті инвесторлармен - Қытайдың бірнеше ірі кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Қонақтарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті таныстырылып, одан кейін тараптар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және көлік жасау салаларындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылады. Аталмыш жобалардың табысты іске асуы облыс тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және өңір экономикасының дамуына жаңа серпін береді. 

 

Өңір басшысы ынтымақтастық орнатқан жағдайда компанияларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан барлық кепілдіктер мен міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілетінін атап өтті.

 

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев