Ұлттық мереке қарсаңында облыстың бірқатар тұрғындары еліміздің дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Павлодар облысының әкімі Мемлекет басшысының атынан ордендер мен медальдар табыстады.
Салтанатты рәсімді ашқан Асайын Байханов шараға қатысушыларды еліміздің басты мерекесімен құттықтады.
- 25 қазан күні ең маңызды құжатқа - негізгі тағдырлы шешімдерді қамтитын мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға қол қойылды. Осының арқасында бүгін біз еліміздің жетістіктерімен мақтанамыз. Біз әрқашан Тәуелсіздігімізді қастерлеп, мемлекеттілігімізді нығайтатын боламыз. Павлодар облысы «Қуатты өңірлер – қуатты ел» стратегиялық жобаларын іске асыруға үлкен үлес қосуда. 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы экономиканың барлық негізгі салалары бойынша көрсеткіштердің оң серпіні мен өсуін сақтап отыр - деп атап өтті Асайын Байханов.
Облыс әкімі павлодарлықтардың басты құндылықтары – тұтастық, бірлік, келісім туралы еске салды. Асайын Байханов атап өткендей, мұның барлығы күн сайын өңірдің дамуына үлес қосып жатқан тұрғындарымыздың жетістіктерімен тығыз байланысты.
Республика күні қарсаңында облыстың 43 тұрғыны жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Оның ішінде «Парасат» орденімен облыстың екі тұрғыны марапатталды, «Құрмет» орденімен 5 павлодарлық, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен өңірдің 9 тұрғыны марапатталды. Олардың ішінде: Боранбай Әбдірахманов - «ЕЭК» АҚ электр станциясының слесарь-жөндеушісі, Дәурен Мағауин - «Шығыс» разрезінің тау-кен шебері, Ирула Рафиков - «ҚЭЗ» АҚ фрезерлеушісі, Александр Резник - АФЗ ферроқорытпаларын балқытушы, Шарапат Саримов - «Қазақстан алюминийі» АҚ машинисі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен облыстың 27 тұрғыны марапатталды, оның ішінде: «Берегиня-Био» ҚҚ басшысы Татьяна Пономарева, «Көмек Екібастұз» ҚҚ директоры Дінмұхамед Асқаров және басқалар. Тағы 5 тұрғын ҚР Құрмет грамотасына ие болды.
Марапатқа ие болған жандар еңбектерін жоғары бағалағаны үшін алғыстарын білдірді. Мереке соңында Павлодардың өнер ұжымдарының және «МузАрт» тобының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев