Облыс әкімдігінде 9 айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылуы қорытындыланды

Облыс әкімдігінде 9 айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің атқарылуы қорытындыланды

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор – 101,2% құрады. Аймақ экономикасына 635 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары. 1 қазандағы жағдай бойынша облыс бюджетіне 234,5 млрд теңге кіріс кіріп, жоспар 5,2 млрд теңгеге асыра орындалды.

Сондай-ақ, ұлттық мереке - Республика күніне дайындық талқыланды. Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларында 450-ден астам іс-шара өтеді деп жоспарланған.

Ағымдағы мәселелерді қарастыру барысында Асайын Байханов ата-аналардың мектеп асханаларындағы тамақтың сапасына қатысты шағымдарын қарауды тапсырды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл депутаттармен бірлесіп барлық жалға алушылармен кездесу өткізіп, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өтініштер келіп түскен тамақтану нысандарын тексеруі қажет.
- Бұл жерде балалардың денсаулығы жайындағы мәселе тұр, оны бизнес саласына айналдырудың қажеті жоқ, - деді облыс әкімі.