
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Бүгін біз ең маңызды мерекелердің бірін атап өтудеміз. 28 жыл бұрын осы күні еліміздің негізгі заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы саясаттағы және әлеуметтік өмірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ететін, ұлтаралық бейбітшілік пен достықты нығайтатын конституциялық нормалар мен қағидаттардың берік іргетасына негізделеді.
2022 жылғы 5 маусымда павлодарлық сайлаушылардың көпшілігі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформаларға бағытталған конституциялық өзгерістерге қолдау білдірді.
Жаңа Конституцияда бүкіл елді трансформациялау процесінің негізі қаланып, ел дамуының басым бағыттары бекітілді. Біздің міндетіміз – осы құндылықтарды қадірлеу, еліміздің тарихын жадымыздан шығармау, заңдарды сақтау, өз ойларымыз бен іс-әрекеттерімізде әділ және адал болу.
Осынау айтулы күні әрбір жанға бақытты және табысты өмір тілеймін. Баянды бақыт, денсаулық және бейбітшілік болсын. Қымбатты жерлестер, Конституция күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов