Павлодарда бәйге жарыстары өтті

Павлодарда бәйге жарыстары өтті

Бүгін Павлодардағы «Құлагер» ипподромында Қазақстан Республикасының бәйге жарыстарының 6-шы іріктеу туры өтті.

Турнирге еліміздің әр өңірінен келген 46-ға жуық тұлпар қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге» және «Аламан бәйге» бойынша бақ сынасты.
Турнирдің жеңімпаздары болып Алматы қаласының, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарының спортшылары атанды.

Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде.
Павлодар Ертіс өңірінде осындай жарыстарды өткізудің негізгі мақсаты - ұлттық спорт түрлерін насихаттау, дәстүрлі ат жарыстарының деңгейін арттыру, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жеңімпаздарды құттықтаймын және жаңа жетістіктерге жете берулерін тілеймін, - деді аймақ басшысы.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев