Хмельницкое ауылында өңір басшысы мектепті жөндеу және «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Мектепті жөндеу 85% аяқталды: едені ауыстырылды, қабырғалары мен төбелері тегістелді, жылу жүйесі жаңартылды, мектеп аумағына кеспе тастар төселді. Сондай-ақ, шағын футбол алаңы жөнделуде.
Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын 2023 жылдың наурызында бастап, қазан айында аяқтау жоспарлануда. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Жаңа-Ауыл ауылында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында мектеп пен мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмыстарды 2023 жылдың тамызында аяқтау жоспарлануда.
- Басты міндет - құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау. Бұл ретте мемлекеттік органдар осы жұмыстардың орындалу сапасын қатаң бақылауға алуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар, Асайын Байханов ауданның шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, егін жинауға дайындықтарымен танысты. Кездесу барысында аграршылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын талқылады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев