Бұған дейін өңір басшысы мұз аренасын және шығармашылық, мәдени іс-шараларды өткізуге арналған көпфункционалды кешен салу үшін сәулет-жоспарлау шешімін әзірлеуді тапсырған болатын.
Хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру спортымен шұғылданатын аумағы 20 000 ш.м. құрайтын мұз сарайына 3,4 га учаске берілді. Көпфункционалды кешеннің жобасы 1200 орындық концерт залын қамтиды.
Жаңа жобаларды 2024-2025 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі және инвестициялар тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.
- Облыс тұрғындары бұл мәселелерді көптен бері көтеріп келеді, әсіресе, спортты дамыту, мәдени тәрбие мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, - деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов.
Облыс әкімі сәулет және қала құрылысы басқармасына 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әрбір нысан бойынша тұжырымдамалық жоспар әзірлеуді, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына салалық басқармалармен бірлесіп осы жобаларды қаржыландыруды қарастыруды тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев