Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан № 5 мектепте болды

Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан № 5 мектепте болды

Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан № 5 мектепте болды. Мұнда есіктер мен еден жабындары ауыстырылуда, қабырғалар әрленуде, жылу және электрмен жабдықтау желілері жаңартылуда. Сондай-ақ, акт және спорт залдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні нысандағы жөндеу жұмыстарында артта қалушылық байқалады. Биылғы жылы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Павлодардағы 15 мектептің ішіндегі 3 нысанды уақытында аяқтамау қаупі бар: № 2, 5, 14 мектептері. Бұл ретте № 2 және № 14 мектептердің мердігерлері жұмыс қарқынын үдетіп, қазір күшейтілген режимде жұмыс істеуде. №5 мектептің де мердігері жұмыстарды уақытында аяқтауды, нысандағы жұмысшылар санын көбейтуге және бірнеше ауысымда жұмыс істеуге уәде берді.

Өңір басшысы мемлекеттік органдарға бұл жұмыстарды қатаң бақылауға алып, оқу жылының уақтында басталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Әйтпесе, мердігерлерге әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады (лицензиядан айыру және жосықсыз деп тану).

Сонымен қатар, Асайын Байханов облыстың үш қаласындағы мектептер аумағына қажетті асфальт төсемінің көлемін есептеп, келесі жылы осы жұмыстарды облыс орталығының балабақшаларында жүргізілген жұмыстар сияқты жүргізуді тапсырды. Естеріңізге саламыз, биыл Павлодар қаласының 43 мектепке дейінгі мекемесінің аумағына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев