
Барлық негізгі салалар оң динамиканы көрсетті.
Сонымен қатар, облыс әкімі Күркелі ауылында салынып жатқан су құбырының, Қараоба ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Сычевка ауылындағы мектеп құрылысының кестеден артта қалғанына баса назар аударды.
- Мердігерлердің жұмысына нақты мониторинг жүргізу, орындалатын жұмыстардың сапасына назар аудару, жобалық тәуекелдер туралы уақтылы хабарлау қажет, - деді Асайын Байханов қалалар мен аудандардың әкімдеріне және мемлекеттік органдардың басшыларына.
Өңір басшысы денсаулық сақтау басқармасына дәрігерлердің біліктілігін арттыруды тұрақты негізде жүзеге асыруды, сондай-ақ, БАҚ-та онкологиялық аурулардың алдын-алу туралы ақпараттармен халықты хабардар етуді тапсырды.
Тікелей көрсетілім Павлодар облысы әкімдігінің Instagram желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында сақталған.