
Көптеген найзағай ұшқындарының салдарынан Павлодар облысының аумағындағы Шарбақты және Аққулы аудандарындағы дала орманшылықтарында бірнеше өрт орын алды. Жағдай ыстық, құрғақ ауа-райымен және қатты желмен күрделене түсуде.
Жағдайды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асайын Байханов пен төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы сол жерлерге аттанды.
Онда өрт ошақтарын оқшаулау және өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Алибек Дженалинов