Асайын Байханов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Асайын Байханов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Облыс тұрғындары әкімнің алдында әртүрлі мазмұндағы мәселелерді көтерді. Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тұрғындары Гагарин және Христенко көшелері арқылы өтетін қолданыстағы жылу желісіне қосылу мүмкіндігінің жоқтығына шағымданды. Сот-құқықтық мәселе бойынша «КазКор» ТК өкілі жүгінді. Сондай-ақ, кездесуде өңір басшысына мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды.

Қабылдау барысында Асайын Байханов барлық өтініштерге толықтай жауап берді. Қарастыру және пысықтау үшін қосымша уақытты талап ететін мәселелер мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.

Естеріңізге саламыз, облыс тұрғындары облыс әкімінің қабылдауына egov порталы, E-otinish.kz бірыңғай базасы арқылы жазыла алады немесе әкімдікке келіп, жеке өтініш жазып қалдыра алады. Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазуды облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерін қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.