
Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Болат Бақауовтың қатысуымен облыстың қалалық және ауылды елді мекендерді сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мәселелері бойынша аппараттық жиын өткізілді. Облыс әкімі өңіріміздің қалалары мен ауылдық аумақтарында су тарифтерінің негізсіз көтерілуін қадағалау және судың сапасын бақылау қажеттілігі жөнінде ерекше айтып өтті.
– Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің маңызды мәселелерінің бірі сумен қамтамасыз ету жүйелері мен су тартуды дамыту болып табылады, – деді Болат Бақауов. – Екі жылдың ішінде өте көп жұмыс істелді, бүгін біз олардың нәтижесі мен болашаққа жоспарымызды көрсететін боламыз.
Облыс қалаларындағы сумен жабдықтаудың жағдайы жөнінде энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов мәлімдеді.
– Ағымдағы жылы Павлодар облысы аймақтарын дамытудың 2016-2020 жж. бағдарламасына сәйкес қалалардағы орталықтандырылған су жүйесіне қолжетімділік 92%-ға дейін артты.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында жалпы сомасы 1 075,2 млн теңгені құрайтын 5 жобаның жүзеге асырылуы жүріп жатыр. Павлодар, Ақсу, Екібастұз қызметтік мекемелердің инвестициялық бағдарламаларының шеңберінде осы жылы 23,1 шақырым су желісі толық жөндеуден өтті. Жобалар аясында Павлодар қаласының 2,3 шақырым кәріз желісі, Ақсу қаласында 25,2 шақырым су құбыры желісі және Екібастұз қаласында 8,3 шақырым су құбыры желісі қалпына келтірілді. 2018 жылы Республикалық бюджетті нақтылау барысында бөлінген 672,2 млн теңгені құрайтын 4 жоба бойынша Екібастұз қаласының 4 орталық жылыту пункті қайта жөндеуден өтіп жатыр.
Сонымен қатар қатты тозғандығына байланысты 2019 жылы Баянауыл ауданының Майқайың ауылында 5 дәліз станциясы мен 420 метр дәліз желісін жөндеуден өткізу керек.
Болат Бақауов сумен жабдықтау желілерін түгендеуден өткізудің қажеттілігі жөнінде ерекше айтып өтті.
– Біз коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау желілерінің санын, сенімді басқарудағы желілердің санын, иесіз желілердің санын анықтап, сенімді басқару бойынша монополистердің міндеттерді орындауларын қадағалауымыз керек.
Облыстың қалалық және ауылдық елді мекендеріндегі сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мәселелері туралы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев сөз сөйледі.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» сәйкес ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділігін 62%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр. Осыған орай ЖСҚ қалыптастырудың негізгі құраушы бөлігі болып табылатын жерасты сулары қорларын бекіту және сумен жабдықтау объектілерін салу немесе жөндеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Облыс әкімі сумен жабдықтау жүйелерін сапалы жобалау бойынша жұмыстарды бақылау және 2019 жылдың 1 наурызына дейін сараптаманың нәтижесі дайын болатындай ЖСҚ қалыптастыруды аяқтау жөнінде қалалар мен аудандар әкімдеріне тапсырма берді.
– Ауызсудың сапасына ерекше мән берілуі тиіс, себебі бұл – денсаулықтың негізгі элементтерінің бірі. Павлодар облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің зерттеулері нәтижесінде судың сапасы бойынша сәйкессіздіктер анықталған ауылдарда босататын және сұрауы жоқ КБМ-дердің орнын ауыстыру керек.
Сонымен қатар Елбасының Павлодар облысына жасаған сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, 2019 жылды нақтылауда қосымша 7,5 млн. теңгеге тапсырыс жасалатын болады. Оның ішінде 5 жобаны (Бірлік а; Құндыкөл а; Баянауыл ауданындағы Жаңатілек а; Аққулы ауданындағы Шарбақты а; Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы Байет а.) аяқтау үшін 1,3 млрд. теңге және жаңа 8 объектінің салынуына – 6,2 млрд. теңге, 5 жоба бойынша (Красиловка а; Шегірен а; Шарбақты ауданындағы Есілбай а; Павлодар ауданының Новочерноярка а; Успен ауданының Тобылжан а.) 3,0 млрд. теңге сомасына оң мемлекеттік сараптама нәтижелері алынды.