Шарбақты ауданында жаңа әкім тағайындалды

 Шарбақты ауданында жаңа әкім тағайындалды

Жаңа әкімнің кандидатурасын аудан мәслихаты мақұлдағаннан кейін, аймақ басшысы Болат Бақауов оны жергілікті активке таныстырып, жаңадан тағайындалушыға бірқатар тапсырмалар берді.

– Сіз ең алдымен ауданның проблемалық мәселелерімен танысып, экономикалық көрсеткіштерімен айналысып, бизнестің дамуына арналған барлық мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне талдау жасауыңыз керек, – деді Павлодар облысының әкімі. – Сіз қазірден-ақ келесі жылдың жоспарын ұсынуыңыз керек. Ең негізгі мақсат – инвестицияларды тарту. Сонымен қатар аудан ауыл шаруашылығына бағытталып, туризм жағынан тартымды болып келеді. Бүгінгі күні жолдардың салынуы саласында едәуір жұмыс жасалды. Осы жылы республикалық және облыстық маңызға ие  жолдарды қалпына келтіру үшін қаражат бөлуді қарастыруды жоспарлар отырмыз. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес жұмысын мүмкіндігінше жандандырып, аудандағы 5 сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын бақылауда ұстауыңыз керек.

 

Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы 1978 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 1995-1999 жылдар аралығында О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Ағылшын және неміс тілі пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2015 жылы Эстония дипломатия мектебін «Халықаралық қатынастар және еуропалық интеграция» мамандығы бойынша тәмамдады. Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 10 жыл. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.