Жаңа орындағы жәрмеңке

Жаңа орындағы жәрмеңке

Біріншіден, жәрмеңкені бұрынғы орны – Орталық базарға қарай жылжытуды тұрғындар өздері сұраған еді. Бұл жерге қаланың әр түкпірінен жету ыңғайлы. Сонымен бірге, жаңа орын ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге де өз тауарларын жеткізуге ыңғайлы болмақ.

– Бұрынғы жәрмеңкеге Химқалашық, Усолка, Саяжай шағын аудандарынан жету қиын болатын, – дейді зейнеткер Николай Савельев. – Қазір мен жәрмеңкеге 10 минут ішінде жете аламын.

Әдеттегідей, жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағамен алуға болады. Сиыр еті келісіне 1200 теңгеден, қой еті 1100 теңгеден, ал картоп пен сәбіздің килограмы 60 теңгеден саудаланды.

– Фермерлер жәрмеңкеге 90 тоннадан астам өнім әкелді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысы Татьяна Нагула. – Барлығы 17 тонна ет өнімдері, 13 тоннаға жуық сүт өнімдері, 22 тонна картоп пен 13 тонна көкөніс әкелінді. Келесі жәрмеңке 1 желтоқсан күні өтеді.