
Биыл ЕЖЭО-дағы барлық 10 қазандық агрегатына (5 су жылыту және 5 энергетикалық) жөндеу жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 8 қазандықта күрделі жөндеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда станциядағы әртүрлі учаскелердегі жөндеу жұмыстарына 265 адам жұмылдырылған.
Су жылыту қазандықтарын бөлшектеу аяқталуда, содан кейін 15 маусымнан бастап мамандар жөндеуге кіріседі. Энергетикалық қазандықтарды тазалау және дайындау жұмыстары жүргізілуде.
1 маусымнан бастап газ құбырлары мен түтін шығатын мұржаларды жөндеу басталды. Сондай-ақ, маусым айында ЖЭО-ның қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуге қажетті жабдықтардың бірінші бөлігі жеткізіледі деп күтілуде.
Хасар Хабылбеков барлық жұмыстар облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша мерзімге сәйкес жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Екібастұз ЖЭО жөндеудің әрбір кезеңін уақытында аяқтау кейінгі жұмыстарды жүргізу үшін маңызды және өңір басшылығының бақылауында.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев