Павлодар облысының әскери қызметшілері Отан қорғаушылар күніне орай марапатталды

Павлодар облысының әскери қызметшілері Отан қорғаушылар күніне орай марапатталды

Мемлекеттік мереке қарсаңында Асайын Байханов павлодарлық әскери қызметшілерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

- 1992 жылғы 7 мамыр күні Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құрылды. Осы жылдар ішінде Павлодар облысының әскери қызметшілері мен құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлері кәсіпқойлықтың, әскери ар-намыс пен ерліктің үлгісіне айналды, - деп атап өтті өңір басшысы.

Қызметтік борышын мүлтіксіз орындағаны және қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, күштік құрылымдардың қызметкерлері, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, сондай-ақ, бастапқы әскери даярлық мұғалімдері марапатталды.

Салтанатты іс-шара Естай атындағы мәдениет үйінің, Оқушылар сарайының, камералық хордың кәсіби ұжымдары қатысқан мерекелік концертпен жалғасты. Концерттің басты қонағы әнші Қуандық Рахым болды.